БАСТАПҚЫ ЕТУ
Пропустить ссылки переходов
Экономика
Ауыр өнеркәсіп, энергия
Көлік
Көркейту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
Құрылыс
Спорт
Саяхат
Аудандар
Электрондық қызмет көрсету
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік сатып алу
Сайт картасы
Тұрғындармен жұмыс
Қоғамдық қол жеткізу пунктері
Облыстық бюджет әкімшілерінің стратегиялық жоспарлары
Өңірдегі бизнесті қорғау
Геопортал
Оқиғалар
Жаңалықтар
Тағайындау/қызметтен алу
Қоғам өмірі
Баспасөз, БАҚ
Спорттық өмір
2009 жылғы әкімдер есебі
Өңдеу өнеркәсібі секторымен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін екінші деңгейлі банктер арқылы және лизингтік компаниялар арқылы лизингтік келісімдерді қаржыландыру бағдарламасы
Ақпараттық хабарлама 
E-KYZYLORDA > Қазақша > Оқиғалар > Ақпараттық хабарлама
 

 

 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ » »

 

2009 жылғы 26 қазанда Астана қаласында (Бейбітшілік және келісім сарайы) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Ел бірлігі – біздің стратегиялық таңдауымыз» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV-сессиясы өтеді.

Сессия жұмысына республикалық және аймақтық этномәдени бірлестік басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік орган басшылары, саяси партиялар, діни конфессиялар, үкіметтік емес ұйымдар, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, шетелде тұратын қазақ диаспорасының, халықаралық ұйымдар және БАҚ-ң өкілдері қатысады деп күтілуде.

Шара аясында сессия делегаттарына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған депутаттармен, ҚР Үкіметі мүшелерімен кездесулер ұйымдастыру, саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешеніне саяхат жасау, Тәуелсіздік сарайымен танысу көзделіп отыр. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктер және ҚХА қызметі туралы баяндайтын көрменің жұмысы, салтанатты концерт жоспарланған.

Он бесінші сессия – бұл Ассамблеяны этносаралық өзара іс-қимылды қалыптастырушы беделді институт және мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырушы тиімді құралға айналғанына дәлел, еліміздегі барлық этностардың өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету бағытындағы белгілі-бір кезең болып табылады.