БАСТАПҚЫ ЕТУ
Пропустить ссылки переходов
Атқарушы өкімет
Облыс, қала және аудан әкімдері
Мемлекеттік рәміздер
Президенттің Қазақстан Жолдауы
Өкілетті орган (мәслихаттар)
Құқықтық бөлім
Төтенше жағдайлар
Мемлекеттік қызмет істерінің имиджі
Кадрлық қамтамасыз ету
Облыс әкімінің аппараты
Облыстық бюджет әкімшілерінің стратегиялық жоспарлары

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

 

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған.

Күн оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ұзындығының арақатынасы – 1:2.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді белгі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемдегі жұлдыө, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардың қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні – Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын поэтикалық туынды.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің мәтіні

 

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән, даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой,

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой.

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім – менің Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім – менің Қазақстаным!

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.