Облыстың жылумен жабдықтау саласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2009 жылы облыстың жылумен жабдықтау саласын дамыту мақсатында жалпы бюджеттен 1 057,2 млн. теңге бөлініп, жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде атқарылды.
Атап айтатын болсақ, жергілікті жылу энергия көзі «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорнының қолданыстағы 2 градирня мұнарасын қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық бюджеттен 114,0 млн. теңге бөлініп, Қазіргі кезде, 1 градирня жөнделіп, іске қосылды.
Бұдан басқа, облыстық бюджеттен бөлінген 260,0 млн. теңгеге КОГТЭС №2 және №3 газ турбиналық қондырғыларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге Москва қаласына («Салют-Энергия» ААҚ) жіберіліп, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, №2 қондырғыға жөндеу жұмыстары аяқталып, монтаждау жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, Н. Бекежанов атындағы облыстық драма театрды орталықтандырылған жылу жүйесіне қосуға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталды.
Бұдан басқа, Қызылорда қаласының жылу жүйелерініңтехникалық жағдайын жақсарту мақсатында 2009 жылы Жол картасы аясында бюджеттен 665,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 260,0 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 405,5 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражатты мақсатты игеру барысында 15,3 шақырым жылу желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа енгізілді.
Сондай-ақ, 2009-2010 жылдардағы күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында облыс әкімінің өкімімен облыстық штаб құрылды. Облыстық штаб құрамына аудан әкімдерінің орынбасарлары, тиісті мекеме және сала басшылары енгізіліп, штаб жұмысының жоспары бекітіліп, қажетті отын қорын жеткізу және жөндеу жұмыстарының кестесі әзірленді. Осыған ұқсас штабтар аудандар мен Қызылорда қаласында құрылды.
Жылу беру маусымына жалпы 3,8 млрд. теңге, оның ішінде қажетті отын қорын алуға 0,9 млрд. теңге, жөндеу жұмыстарына 2,9 млрд. теңге қаралған. Бүгінгі таңда, жылу маусымы өз дәрежесінде өткізілуде.
Коммуналдық қарыздарды азайту мақсатында төлемдерді тұрғылықты жерінен жинақтауға коммуналдық мекемелермен рейдтер ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтердің төлемдерін мерзімінде төлеуге тұрғындарға бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы үндеулер жариялануда.
Бұдан басқа, төлемдерді жинақтаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қызылорда қаласында Бірыңғай төлемдер орталығы ашылды. Орталық бүгінгі таңда екінші деңгейдегі банктер арқылы жұмыс жасап, бірыңғай төлемдер құжаты енгізілді.
Сонымен қатар, 2010 жылы облыс орталығының жылу желілерін жөндеуге Жол картасы аясында 417,9 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, тұтынушыларды сапалы жылумен жабдықтау мақсатында магистралдық және аудан аралық жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 43,9 млн. теңге бөлініп, жобалау жұмыстары атқарылуда.
Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық кәсіпорындардың диспетчерлік қызмет телефондары
Жылумен жабдықтау саласы бойынша:
1. «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК:
Директор – Кәрімбаев Мұхиджан Исмаилұлы
Бас инженер – Сатханов Наурыз Асанханұлы
Мекен-жайы – Қызылорда қаласы, Қаратоғай көшесі, н/з
-қабылдау бөлмесі – 22-28-30;
-диспетчерлік қызмет – 22-15-90 (станция),
22-14-17, 22-35-05 (жылу желісі).
2. «Қызылордаоңтүстікжылуорталығы» МКК:
Директордың міндетін атқарушы – Иманғалиев Хасен
Мекен-жайы – Қызылорда қаласы, Оңтүстік өндірістік аймақ, н/з
-қабылдау бөлмесі – 21-59-75;
-диспетчерлік қызмет – 20-01-53.