БАСТАПҚЫ ЕТУ
Пропустить ссылки переходов
Қоршаған ортаны қорғау
Орман және аң аулау шаруашылығы
Балық ресурстары
Экологиялық ахуал
Жер ресурстары
Қоршаған ортаны қорғау  
E-KYZYLORDA > Қазақша > Қоғам > Табиғи ресурстар, экология > Қоршаған ортаны қорғау
 

 

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының

2010 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы анықтама

 

Есепті кезеңде басқарма облыс әкімдігінің қаулыларын және облыстық мәслихаттың шешімдерін басшылыққа ала отырып, оны орындау үшін бірқатар шараларды іске асырды.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 2010 жылы облыстық  бюджеттен  804978 мың теңге бөлініп,  оның ішінде 6 айда 566574 мың теңгесі игеру жоспарланса, нақты орындалғаны 520376,9 мың теңге, (91,8 %).

Оның ішінде, су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуге жыл бойына 27775 мың теңге қаралса, 6 айда оның 14652 мың теңгесін игеру жоспарланған. Орындалғаны 13901,5  мың теңге, (94,8 %).

Коммуналдық су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 44555 мың теңге бөлініп, есепті мерзімге 25640 мың теңгесін игеру көзделген. Нақты орындалғаны 25640 мың теңге, (100 %).

Орманды сақтау, қорғау, молайту және орман өсіруге 348557 мың теңге қаралған. Одан есепті мерзімге 190976 мың теңге игеру жоспарланып, нақты 160139,8 мың теңге болып орындалды, (83,8 %).

Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларды жүргізуге 321552 мың теңге бөлініп, оның осы уақытқа дейін 307902 мың теңгесін игеру көзделсе, нақты орындалғаны 295384,6 мың теңге, (95,9 %).

Жануарлар дүниесін қорғауға 792 мың теңге қаралған. Одан есепті мерзімге 379 мың теңге игеру жоспарланып, нақты 303,8 мың теңге болып орындалды, (80,1 %).

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметін қамтамасыз етуге 44247 мың теңге бөлініп, оның осы уақытқа дейін 22154 мың теңгесін игеру көзделсе, нақты орындалғаны 20061,1 мың теңге, (90,5 %).

Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың ТЭО әзірлеу және оларға сараптама жасауға 17500 мың теңге бөлініп,  оның осы уақытқа дейін 5250 мың теңгесін игеру көзделсе, нақты орындалғаны 5250 мың теңге, (100 %).

Қоршаған ортаны қорғау шаралары саласы бойынша:

2010 жылы қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына облыс бойынша экологиялық тепе-теңдігін сақтау,  елді мекендерге аяқ су жеткізу және көлдерді, жайылымдықтар мен шабындықтарды суландыру үшін 321552 мың теңге қаражат бөлінді.

Оның ішінде ұзындығы 134,66 км құрайтын 20 каналдар және 9 гидроқұрылыс жөндеуден өткізіледі, сонымен бірге өздігінен су бармайтын елді мекендерді аяқсумен қамтамасыз ету үшін 2 насос қондырғылары сатып алынатын болады деп жоспарланған.

Осы атқарылатын жұмыстар бойынша басқарма және аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері арасындағы міндеттемелердің бөлінісі туралы Келісімдер жасалып, қол қойылды.

Аталған жұмыстар толық орындалған жағдайда 12650 қожалықтың үй іргелік жерлеріне аяқсу жеткізіледі, оның көлемі 1950 гектарды құрайды. Сонымен қатар 20238 гектар шабындықтар мен жайылымдықтар суландырылады, су айдыны 3810 гектарды құрайтын көлдерге су құйылады.

Қазіргі таңда 29 су нысандарын қалпына келтіру үшін  мердігерлермен келісім шарттар жасалды. 24 су нысандары қалпына келтірілді (15 канал, 9 су тоспасы),  қалған су нысандары шілде айының 20 дейін  аяқталады деп жоспарлануда. Cонымен бірге өздігінен су бармайтын Қазалы ауданы «Құмжиек» және Қармақшы ауданы  «Көмекбаев»  елді мекендеріне аяқ сумен қамтамасыз  ету үшін 2 насос қондырғылары сатып алынып берілді.

Сондай-ақ, Экологиялық тәрбие және білім беру мақсатында қоршаған ортаны қорғау жөнінде өскелең ұрпақтың табиғатқа көзқарасын және экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында конкурстар мен көрмелер ұйымдастырылып, жұмыстары аяқталды.

Ал, Кіші Арал теңізінде Арал қаязының генофондын сақтау және балық қорын қалпына келтіруге биотехникалық шаралар жүргізу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жалғастырылуда.

Облыс аумағында жыртқыш аңдардың санын шектеу мақсатында 1400 мың теңге бөлініп, 58 дана қасқырдың, 40 дана бөлтіріктің, 224 дана шибөрілердің терілеріне сыйақы төленеді деп жоспарлануда.

«Жасыл ел» жалпы ұлттық бағдарламасын орындау мақсатында елді мекендерді көркейту, көгалдандыру жұмыстарына 750  жасақшылар жұмылдырылып, жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жалғастырылуда.

Орман, балық шаруашылығы және жануарлар  дүниесін қорғау бөлімі бойынша:

Облыс бойынша  8 орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі жұмыс атқарады. Аталған мекемелердің қарауында 6,5 млн гектардан аса мемлекеттік орман қорының жері бар. Ол жерлерді 419 орман шаруашылығы саласының қызметкерлері мен орман күтушілері жұмыс атқарады.

Орман көлемін арттыру жұмыстары бойынша 2010 жылы барлығы 4225,2 га жерге сексеуіл, жеміс, саялы ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланса, қазіргі уақытта аталған көлемнің  625,5 га отырғызылды. оның ішінде 600 гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына орналастырылды. Орман өсіру, көктем кезінде елді-мекендерді ағаш көшеттерімен қамтамасыз ету үшін 19 га тұқымбақ ұйымдастыру жоспарланса, нақты 9,4 га тұқымбақтың мектеп бөлімі және 0,6 га тұқымнан  егіліп болды. Қалған 9 га сексеуіл тұқымбағы күз айында себіледі. Мектеп бөлімге отырғызу 376,0 мың дана әртүрлі саялы ағаш қаламшалары дайындалды. Орман тұқымбақтарынан барлығы   322,3 мың ағаш көшеттері қазылып алынды, оның  55,9 мың данасы  жергілікті жердегі табыс деңгейі төмен жанұяларға тегін таратылды. Бұдан басқа бұрынғы жылғы шығымдылығы нашар екпелерді толықтыру күтіп-баптау жұмыстары 17,5 га жүргізілді.

Дүниежүзілік даму банкісінің қаражаты есебінен «Қазақстан Республикасында ормандарды сақтау және республиканың орманды жерлерін көбейту» жобасы бойынша 3500 га (Арал 1750 га, Қазалы -1750 га) жерге  сексеуіл көшеттерін отырғызып, 5000 га (Арал 3000 га, Қазалы -2000 га) жерге келесі жылы сексеуіл көшеттерін отырғызатын жер дайындалды.

Орман өрті қауіпті кезеңде рейдтер ұйымдастырылды. Облыс бойынша 4 өрт сөндіру автомашинасы, 17 трактор тіркемесімен,  52 өрт сөндіру тұрақты кезекшілер ұйымдастырылды. Орман мекемелері бойынша 1 өрт химиялық станция, 5 өрт қадағалау мұнарасы жөнделді. Сонымен қатар 19 ранецті су бүріккіш, 10 дана мотопомпа, 514 ұрғыш, 129 балта, 216 күрек дайындалды.

Бүгінгі күні 410,5 шақырым жаңадан минералды жолақтар жасалып, 2380 шақырым ескі жолақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Өртке қауіпті деген аумақтарға 120 аншлагтар орналастырылды.  Жергілікті ақпарат құралдарына 9 мақала жарияланды. Шаруашылық нысандарына 158 дана ескерту хаттар таратылды. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде бүгінгі күнге облыс аумағындағы мемлекеттік орман қоры жерінде орман өрті тіркелген жоқ.

305,5 мың га гектар жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде ауруға шалдыққан сексеуіл алқаптары анықталуда.

Орман өнімдерін заңсыз пайдаланудан, орман заңдылығын бұзғаны үшін 64 хаттама толтырылып, орман шаруашылығына келтірілген зиянға 292,3 мың теңге айыппұл салынып, оның 239,9 мың теңгесі өндірілді. 145,4 мың теңге салынған әкімшілік айыппұлдың 131,3 теңгесі өндірілді.

Аң аулау заңдылығын бұзғаны үшін 27 хаттама толтырылып, 8-не ескерту беріліп, 28,2 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен

өндірілді. 63,9 мың теңге келтірілген зияннан толықтай өндіріліп бюджетке түсірілді.

Облыс көлеміндегі орман тоғайдағы жан-жануарларды қорғау, қыс мезгілінде қосымша қоректендіру үшін 792 мың теңге қаралып, қыс мезгілінде қосымша жем шашылып, үгіт-насихат мақсатында  аншлаг, панно орнатылды.

Облыс халқына отын босатудан жергілікті бюджетке 3148,4 млн. тенге түсірілді.

Су ресурстарын қорғау және пайдалануын реттеу бөлімі бойынша:

Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінде 304,4 шақырым құрайтын су қорғау белдеулерінің шекараларын анықтау және магистралды каналдарының бойында 200 дана белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Облысымыздың су шаруашылығы нысандарын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру жұмыстары жүргізілуде.

Aғымдағы жылдың 17-19 мамыры аралығында Қызылорда қаласында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы, Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару Қорының атқарушы дирекциясы және Қызылорда облысының әкімдігі бірлесіп «Қазақстандық Арал өңірінің су және экологиялық қауіпсіздігінің қазіргі мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оның жұмысына жергілікті өкілетті орган басшылары, мамандарымен қатар Қазақстан Республикасындағы ондаған шет мемлекеттердің елшілері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевтің төрағалығымен 2010 жылғы 27 мамырдағы мәжілістің № 11-5/005-1760 хаттамалық шешімін орындау мақсатында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау» (САРАТС-2) жобасының екінші кезеңі бойынша атқарылуға қажет жұмыстарды зерттеу үшін жұмысшы тобы құрылып жұмыс атқаруда.

Жобалар және экологиялық сараптама бөлімі бойынша:

2010 жылдың бірінші жарты жылдығында 423-н астам шаруашылық субъектілері - кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері, жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылғын құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қортындылары берілді. Оның: 

- 148 құрылыс объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін белгілеу;

- 134 техникалық қайта жарақтандыру,  көгалдандыру, әлеуметтік объектілердің техникалық экономикалық негіздемелеріне, коллекторларды тазалау, көп қабатты тұрғын үйлердің, ауруханалар, басқа да ғимараттар құрылысының жобалары;

- 76 шағын кәсіпкерлердің шаруашылық субъектілерін қайта жаңғырту құжаттарына;

- 65 жұмыс істеп тұрған шаруашылық субъектілерінен шығарылатын қауіптілігі ІІ, III және IV - классқа жататын зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға  әсерін анықтау, шағын және орта кәсіпкерлік, оқу-емдеу мекемелерінің жылу орталықтарының шығарындылар көлемін нормалау материалдары;

Сонымен қатар, жыл басынан бері өтінімдері бойынша 125 табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсат берілді.