«2007-2010 жылдарға арналған Қызылорда облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету»
бағдарламасы бойынша қысқаша ақпарат
ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігінің Ауыл аумақтарды дамыту комитеті арқылы облыстық елді мекендердің ауыз сумен қамтамасыз етілу жағдайына жалпы жыл сайын мониторинг жасалып отырады. 2009 жылға жасалған мониторинг бойынша облыс көлемінде 263 ауылдық елді мекен тіркелсе, соның 261 тұрғылықты халық саны бар.
Қазіргі таңда топтық су құбырларынан 78 (30%) елді мекен, скважинасы және ішкі су құбырлар жүйесі арқылы 136 (52,1%), шахталық құдықтардан 37 (14,1%), ашық су көздерінен 7 (2,7%), тасымалдап ішетін 3 (1,14%) елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр.
Облыстағы ашық су көздерінен және тасымалданатын ауыз суды пайдаланып отырған елді мекендерді топтық су құбырларына қосу мақсатында Арал ауданының 8 елді мекенін Арал-Сарбұлақ топтық су құбырына қосу жобасының құрылысы басталып, биыл 200 млн.теңге бөлінді. Сметалық құны – 1946,9 млн.теңге.
Облыс әкімінің қолдауымен 2010 жылдың басынан бері облыстық бюджеттен 20 елді мекеннің ауыз су жобасын жасауға 144,6 млн. теңге, Жосалы кентіндегі ауыз су жүйелерін сервистік жүйелерге қосуға 58,7 млн. теңге және Жол картасы аясында 2 жобаға 158,6 млн. теңге бөлініп игерілуде.
Елбасының биылғы жолдауында айтылған - Ауылдық жерлерді құбырлы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру мақсатында «2011-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының елді-мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету» іс шарасы жасалды. Іс шара бойынша алдағы 5 жылға ауыз су жүргізу және жаңғырту қажет ететін 290 мыңнан астам тұрғыны бар 123 ауылдық елді мекен анықталып, проблемалық мәселелеріне байланысты олар 6 топқа топтыстырылды:
1-топ: Ашық су көздерінен су алатын елді мекендерді басқа су көздеріне ауыстыру;
2-топ: Тасымал су пайдаланып отырған елді мекендерді басқа су көздеріне көшіру;
3-топ: Ащы су пайдаланып отырған елді мекендерге су тұшытқыш орнату;
4-топ: Ауыз су мөлшері жетпейтін, жаңа скважина бұрғылауды қажет ететін елді мекендер және шахталық құдықтарды скважинаға ауыстыру;
5-топ: Тозығы жеткен бас су қоймаларын жаңғырту;
6-топ: Қолданыстағы ішкі су жүйелерін кеңейтуді қажет ететін елді мекендер.
Біріншіден биыл құрылысы басталған, аяқтау мерзімі 2-3 жылға жоспарланған және өткен жылы жобасы әзірленген 2011 жылдан басталатын құрылыстарға басымдық берілді.
Екіншіден биыл облыстық бюджеттен жоба жасауға қаржы бөлінген, бұрын топтық су құбырына қосылған елді мекендерді халық санына қарай басымдықпен орналастырылды.
Қаражат мерзімінде бөлініп толығымен жүзеге асырылғанда, төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі. Оның ішінде:
1. топтық су құбырларына жаңадан – 67 е.м. қосылып, саны 145-ға жетеді; (Жаңақорған ауд. жаңадан 2 топтық құбыры салынады.)
2. ашық су көздерінен және тасымал ауыз суын пайдаланатын елді мекен болмайды;
3. шахталық құдықтан пайдаланатын елді мекендер саны 37-ден 21-ге азаяды;
2010 жылғы сәуір айының 14-16 күндері аралығында, бірінші кезектегі 2011-13 жылдарға жасаған ұсыныстар ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінде қаралып, алғашқы қорғаудан өтті. Соның ішінде маңызды жоба, бұрынғы бағдарламаларда көтеріліп келе жатқан Жаңақорған ауданында Талап-Сырдария топтық су құбырын салу Үкімет тарапынан қолдау тауып отыр.
Талап топтық су құбырына халық саны 14,2 мың адам болатын 14 е.м. қосу жоспарланып отыр. Болжам бағасы – 4,35 млрд.теңге;
Сырдария топтық су құбырына халық саны 23,1 мың адам болатын 15 е.м. қосу жоспарланып отыр. Болжам бағасы – 3,57 млрд.теңге болады деп күтілуде.
Қосымша мәліметтер
Қызылорда облысы бойынша ауыз су тарату қызметімен айналысатын
табиғи монополия субъектілерінің қазіргі қолданыстағы тарифтері
ҚҚС-сыз
|
Р/с
№ |
Субъектінің атауы |
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері |
Қолданыстағы тариф (баға, алым ставкасы) |
Қолданысқа енгізу күні |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің “Арал” құрылысы салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ны |
«Октябрь» топтық су құбыры жүйесі |
|
|
|
Суды магистальдық құбыр жолдары арқылы беру қызметі |
46,41 |
05.09.2009ж. |
|
«Жиделі» топтық су құбыры жүйесі |
|
|
|
Суды магистальдық құбыр жолдары арқылы беру қызметі |
45,88 |
05.09.2009ж. |
|
«Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» жүйесі |
|
|
|
Суды магистальдық құбыр жолдары арқылы беру қызметі |
148,01 |
05.09.2009ж. |
|
26,93 (субсидия есебінен) |
05.09.2009ж. |
|
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
|
|
|
- тұрғындар үшін (ҚҚС-мен) |
86,96 |
05.07.2009ж. |
|
- бюджеттік мекемелер үшін |
116,9 |
05.07.2009ж. |
|
- тұтынушылардың басқа да топтары үшін |
147,0 |
05.07.2009ж. |
|
«Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын» пайдаланушы Қазалы филиалы |
|
|
|
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
58,37 |
29.08.2008ж. |
|
2 |
«Шиелі су кұбырлары» МКК |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
42,98 |
01.01.2004ж. |
|
3 |
“Қызылорда су жүйесі” МКК |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі, оның ішінде тұтынушылардың топтары бойынша |
|
|
|
I – топ: |
|
|
|
-тұрғын халық, суды пайдаланудың шекті көлемі бойынша, бекітілген тұтыну нормасына сәйкес |
24,78 |
01.10.2009ж. |
|
Уақытша өтемдік тариф |
24,73 |
01.11.2009ж.-17.11.2010ж. |
|
II – топ: |
|
|
|
-бюджеттік мекемелер, жылу энергетикасы аясындағы кәсіпорындар, бекітілген нормативтік техникалық ысырапқа байланысты, шекті көлемде |
36,00 |
01.10.2009ж. |
|
Уақытша өтемдік тариф |
35,92 |
01.11.2009ж.-17.11.2010ж. |
|
III – топ: |
|
|
|
- тұрғын халық, суды бекітілген нормадан асыра тұтынатындар;
-I және II топтағыларға жатпайтын басқа да тұтынушылардың топтары |
106,92 |
01.10.2009ж. |
|
Уақытша өтемдік тариф |
106,67 |
01.11.2009ж.-17.11.2010ж. |
|
Сарқынды суды бұру қызметі, соның ішінде тұтынушылардың топтары бойынша |
|
|
|
-тұрғын халық |
18,01 |
01.10.2009ж. |
|
Уақытша өтемдік тариф |
17,96 |
01.11.2009ж.-24.10.2010ж. |
|
-бюджеттік мекемелер |
25,00 |
01.10.2009ж. |
|
Уақытша өтемдік тариф |
24,94 |
01.11.2009ж.-24.10.2010ж. |
|
-басқа да тұтынушылар |
105,56 |
01.10.2009ж. |
|
Уақытша өтемдік тариф |
105,29 |
01.11.2009ж.-24.10.2010ж. |
|
сарқынды суды тазарту қызметі |
|
|
|
-тұрғын халық |
26,54 |
01.10.2009ж. |
|
-бюджеттік мекемелер |
25,00 |
01.10.2009ж. |
|
-басқа да тұтынушылар |
105,56 |
01.10.2009ж. |
|
Сарқынды суды тазарту қызметі |
|
|
|
-тұрғын халық |
26,54 |
01.10.2009ж. |
|
-бюджеттік мекемелер |
35,00 |
01.10.2009ж. |
|
-басқа да тұтынушылар |
36,56 |
01.10.2009ж. |
|
4 |
«Жалағаш ауыз су» МКК |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
35,42 |
29.10.2006ж. |
|
5 |
«Су құбыры» МКК |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
23,98 |
01.05.2006ж. |
|
Уақытша өтемдік тариф |
23,87 |
01.11.2009ж.- 04.11.2010ж. |
|
Сарқынды суды бұру қызметі |
22,76 |
01.05.2006ж. |
|
Уақытша өтемдік тариф |
22,71 |
01.11.2009ж.- 24.09.2010ж. |
|
6 |
«АйДан-Ақ-құс» ЖШС |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
21,29 |
01.07.2004ж. |
|
Уақытша өтемдік тариф |
20,64 |
01.05.2005ж - 24.10.2021ж. |
|
7 |
«Қайнар» МКК |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
24,17 |
01.08.2004ж. |
|
Уақытша өтемдік тариф |
24,00 |
01.04.2006ж. - 01.04.2016ж. |
|
8 |
«Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі, оның ішінде тұтынушылардың топтары бойынша |
209,14 |
|
|
I – топ: |
|
|
|
-тұрғын халық, суды пайдаланудың шекті көлемі бойынша, бекітілген тұтыну нормасына сәйкес |
35,00 |
01.10.2005ж. |
|
-Қызылорда қаласы |
23,76 |
|
|
-Жаңақорған ауданы |
33,00 |
01.10.2009ж. |
|
-Шиелі ауданы |
60,60 |
01.10.2009ж. |
|
-Сырдария ауданы |
29,51 |
01.10.2009ж. |
|
-Жалағаш ауданы |
38,96 |
01.10.2009ж. |
|
-Қармакшы ауданы |
49,58 |
01.10.2009ж. |
|
II – топ: |
|
|
|
- бюджеттік мекемелер үшін |
68,46 |
01.10.2009ж. |
|
III топ: |
|
|
|
- тұрғын халық, суды бекітілген нормадан асыра тұтынатындар;
-I және II топтағыларға жатпайтын басқа да тұтынушылардың топтары |
351,07 |
01.10.2009ж. |
|
9 |
«Шиелі-Энергосервис» ЖШС |
Сарқынды суды бұру |
31,37 |
08.03.2007ж. |
|
Суды таратушы желілер арқылы беру |
|
|
|
-“Көк-Шоқы” мөлтек ауданының тұтынушылары үшін |
30,30 |
24.04.2007ж. |
|
-“Қарамұрын” (ПСВ) кенішінің тұтынушылары үшін |
99,70 |
24.04.2007ж |
|
10 |
«Сексеуіл су құбыры сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
|
|
|
- тұрғындар үшін (ҚҚС-мен) |
88,02 |
06.06.2007ж. |
|
- бюджеттік мекемелер үшін |
77,21 |
06.06.2007ж. |
|
- тарапты және темір жол мекемелер үшін |
234,28 |
06.06.2007ж. |
|
Сарқынды суды бұру |
|
|
|
- бюджеттік мекемелер үшін |
55,97 |
06.06.2007ж. |
|
- тарапты және темір жол мекемелер үшін |
161,94 |
06.06.2007ж. |
|
11 |
«Атамекен-2007» СТК |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
53,88 |
25.12.2007ж. |
|
12 |
«Сумен жабдықтау нысандарын жөндеу және пайдалану» МКК |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
|
|
|
- тұрғындар үшін (ҚҚС-мен) |
86,27 |
16.02.2009ж. |
|
- бюджеттік мекемелер үшін |
77,03 |
16.02.2009ж. |
|
- тарапты және темір жол мекемелер үшін |
233,64 |
16.02.2009ж. |
|
Сарқынды суды бұру қызметі |
|
|
|
- тұрғындар үшін (ҚҚС-мен) |
62,23 |
16.02.2009ж. |
|
- бюджеттік мекемелер үшін |
55,56 |
16.02.2009ж. |
|
- тарапты және темір жол мекемелер үшін |
160,86 |
16.02.2009ж. |
|
13 |
«Арал су сервис» МКК |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
67,51 |
28.02.2009ж. |
|
14 |
«Кармакшытехсервис» МКК |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
|
|
|
- тұрғындар үшін |
102,12 |
01.06.2009ж. |
|
-тұтынушылардың басқа топтары үшін |
102,12 |
01.06.2009ж. |
|
15 |
«Сумен жабдықтау нысандарын пайдалану және жөндеу» МКК |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
|
|
|
- тұрғындар үшін (ҚҚС-мен) |
39,15 |
05.07.2009ж. |
|
-тұтынушылардың басқа топтары үшін |
76,0 |
05.07.2009ж. |
|
16 |
«Жосалы су» селолық тұтыну кооперативі |
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі |
|
|
|
- тұрғындар үшін |
71,58 |
10.10.2009ж. |
|
- бюджеттік мекемелер үшін |
123,01 |
10.10.2009ж. |
|
- тұтынушылардың басқа да топтары үшін |
247,17 |
10.10.2009ж. |
«Қызылорда қаласының жылуқуат көздерін және тұрғын секторын ілеспе газға көшіру»
жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Қызылорда қаласын газдандыру мақсатында берген тапсырмасымен қабылдаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 ақпандағы «Арысқұм құламасы Оңтүстік Торғай ойпатындағы мұнай және газ кен орындарының ілеспе және табиғи газдарды кешенді және тиімді пайдалану шаралары туралы» № 281 қаулысына сәйкес 2004-2011 жылдары жүзеге асырылатын жалпы құны 12,8 млрд.теңге «Қызылорда қаласының жылуқуат көздерін және тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» әлеуметтік жобасы (Жоба) іске асырылуда.
Осы жоба аясында, 2004-2009 жылдары 10,6 млрд. теңге бөлініп, 463,1 км жоғары, орташа және төменгі қысымдағы газ құбырлары жүргізіліп, 1 бас газреттегіш пункті, 21 газ реттегіш пункті және 10 шкафты реттегіш пункті құрылыстары аяқталды.
Нәтижесінде облыс орталығының:
50 МВт электр және 90 Г/калориялық жылу қуаты бар когенерациялық газотурбиналық стансасы пайдалануға берілді.
60 Гкал/сағатқа жеткізе отырып «КМРТЦ» АҚ-ның №2 қазандық цехы толық қайта жөндеуден өткізілді.
37 Гкал/сағат болатын қазандық және 5 блок-модулдік автономдық қазандықтар салынып, пайдаланылуға берілді.
- 428 көпқабатты тұрғын үй (20455 пәтер);
- 4077 жеке сектордағы тұрғын үй;
- 244 коммуналдық-тұрмыстық мекемелер ілеспе газға қосылып отыр. Бұдан басқа 12 000 жеке үй ілеспе газға қосылуға мүмкіндік алды.
Облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында келісімдер нәтижесінде жеке секторды ілеспе газға үйішілік қосудың құрылыс-монтаж жұмыстарын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 99 500 теңгеге жүргізуге қол жеткізіліп, 1356 жеке сектор осы қаржы көлемінде ілеспе газға қосылды.
Қызылорда қаласында газ бағасының Республика бойынша ең төменгі бағаны құрауы, қаланың экономикалық, индустриалды-инновациялық дамуы мен тұрғындардың әлеуметтік деңгейі дамуының маңызды аспектісі болып табылады. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 м3 газдың бағасы заңды тұлғалар үшін 3,87 теңге және жеке тұлғалар үшін 3,59 теңге.
Қызылорда қаласының газдандырылуының аяқталуы облыс орталығының өндірістік деңгейінің дамуына, сонымен қатар, қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына, отын сатып алуға кететін шығындардың азаюына, сапалы арзан газбен қамтамасыз етілуіне әкеледі.
Қазіргі уақытта Қызылорда қаласының газдандыру деңгейі 77 %-ды құрады, 2012 жылы 100 % жетеді.
Ағымдағы жылы 1,384 млрд теңге бөлініп, бұл қаржыға 8 ГРП және 189,93 км төменгі қысымды газ құбырларының құрылысын салынып, 7130 жеке сектордағы тұрғын үй және 8 көп қабатты үй (264 пәтер) газдандырылуға мүмкіндік алады.
«Қызылорда қаласының жылуқуаткөздерін және жеке секторын ілеспе газға көшіру» жобасының сызбасы 2003 жылы техника-экономикалық негіздеме жасалып, сол уақытта дейінгі тұрғызылған және заңнамада белгіленген тәртіппен құжаттарын әзірлеп, тиісті мемлекеттік мекемелерге тіркелген үйлер қарастырылған, ал 2003 жылдан кейін салынған үйлер жобада қарастырылмаған.
Осыған орай, «Қызылорда қаласының жылуқуаткөздерін және тұрғын секторын ілеспе газға көшіру» жобасы аясында қамтылмай қалған аудандар Әлфараби көшесінің аумағы,Қызылжарма каналының сол жақ беті, Саяхат, СПМК-70, Рисмаш, Оңтүстік өндірістік аймақ, Гагарин қыстағының өндірістік аймағы,«Саяхат» мөлтек ауданы, Әскери бөлім аумақтары 2004-2011 жылдарға қаралған қаржыға қарастырылмағанына байланысты қосымша жоба дайындалуда, осыдан кейін жұмыстар жалғасын табады деп жоспарлануда.
«Қызылорда қаласының жаңа тұрғын мөлтек аудандарын газдандыру жоба-сметалық құжаттамасын дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізуге» ағымдағы жылы 79 034,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Осы Жоба аясында жұмыстары толығымен аяқталған кезде барлығы 594 көп қабатты тұрғын үй, 25000 жуық жеке сектордағы тұрғын үй ілеспе газға қосылуға мүмкіндік алады деп күтілуде.
Облыстың жылумен жабдықтау саласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2009 жылы облыстың жылумен жабдықтау саласын дамыту мақсатында жалпы бюджеттен 1 057,2 млн. теңге бөлініп, жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде атқарылды.
Атап айтатын болсақ, жергілікті жылу энергия көзі «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорнының қолданыстағы 2 градирня мұнарасын қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық бюджеттен 114,0 млн. теңге бөлініп, Қазіргі кезде, 1 градирня жөнделіп, іске қосылды.
Бұдан басқа, облыстық бюджеттен бөлінген 260,0 млн. теңгеге КОГТЭС №2 және №3 газ турбиналық қондырғыларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге Москва қаласына («Салют-Энергия» ААҚ) жіберіліп, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, №2 қондырғыға жөндеу жұмыстары аяқталып, монтаждау жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, Н. Бекежанов атындағы облыстық драма театрды орталықтандырылған жылу жүйесіне қосуға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталды.
Бұдан басқа, Қызылорда қаласының жылу жүйелерініңтехникалық жағдайын жақсарту мақсатында 2009 жылы Жол картасы аясында бюджеттен 665,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 260,0 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 405,5 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражатты мақсатты игеру барысында 15,3 шақырым жылу желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа енгізілді.
Сондай-ақ, 2009-2010 жылдардағы күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында облыс әкімінің өкімімен облыстық штаб құрылды. Облыстық штаб құрамына аудан әкімдерінің орынбасарлары, тиісті мекеме және сала басшылары енгізіліп, штаб жұмысының жоспары бекітіліп, қажетті отын қорын жеткізу және жөндеу жұмыстарының кестесі әзірленді. Осыған ұқсас штабтар аудандар мен Қызылорда қаласында құрылды.
Жылу беру маусымына жалпы 3,8 млрд. теңге, оның ішінде қажетті отын қорын алуға 0,9 млрд. теңге, жөндеу жұмыстарына 2,9 млрд. теңге қаралған. Бүгінгі таңда, жылу маусымы өз дәрежесінде өткізілуде.
Коммуналдық қарыздарды азайту мақсатында төлемдерді тұрғылықты жерінен жинақтауға коммуналдық мекемелермен рейдтер ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтердің төлемдерін мерзімінде төлеуге тұрғындарға бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы үндеулер жариялануда.
Бұдан басқа, төлемдерді жинақтаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қызылорда қаласында Бірыңғай төлемдер орталығы ашылды. Орталық бүгінгі таңда екінші деңгейдегі банктер арқылы жұмыс жасап, бірыңғай төлемдер құжаты енгізілді.
Сонымен қатар, 2010 жылы облыс орталығының жылу желілерін жөндеуге Жол картасы аясында 417,9 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, тұтынушыларды сапалы жылумен жабдықтау мақсатында магистралдық және аудан аралық жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 43,9 млн. теңге бөлініп, жобалау жұмыстары атқарылуда.
Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық кәсіпорындардың диспетчерлік қызмет телефондары
Жылумен жабдықтау саласы бойынша:
1. «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК:
Директор – Кәрімбаев Мұхиджан Исмаилұлы
Бас инженер – Сатханов Наурыз Асанханұлы
Мекен-жайы – Қызылорда қаласы, Қаратоғай көшесі, н/з
-қабылдау бөлмесі – 22-28-30;
-диспетчерлік қызмет – 22-15-90 (станция),
22-14-17, 22-35-05 (жылу желісі).
2. «Қызылордаоңтүстікжылуорталығы» МКК:
Директордың міндетін атқарушы – Иманғалиев Хасен
Мекен-жайы – Қызылорда қаласы, Оңтүстік өндірістік аймақ, н/з
-қабылдау бөлмесі – 21-59-75;
-диспетчерлік қызмет – 20-01-53.
Электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары (Жол картасы) бойынша облысымыздың 11 елді мекендерін электрмен жабдықтау жүйелерін дамытуға оның ішінде Қазалы, Сырдария аудандарын электрмен жабдықтау және Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының Сырдария өзені өткелдерінде су тасқыны қаупін алдын алу іс-шаралары бойынша 194,021 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы»-мен құрылыс жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.
2009 жылы «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының электр желілерін модернизациялауға және қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 1 149 млн. теңгеге мекеменің материалды-техникалық базасын жаңартылды, 216 км жаңа әуе желісін және 30 трансформаторлық қосалқы станциялары пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, тұрақты және сенімді электрмен жабдықтау мақсатында «ВЛ-220 кВ Құмкөл-Кызылорда электр желісінің құрылысына» технико-экономикалық негіздеме дайындалуда.
Облыстық бюджеттен бөлінген 31 млн. теңгеге «Қызылорда облысының аудан орталықтарының электр жүйелерін дамытуға» жоба сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
Қызылорда қаласының 35/10 кВ 7 қосалқы станциясы асыра жүктемемен авариялық жағдайда жұмыс жасауда, осы аталған қосалқы стациялардағы трансформаторлардың біреуі істен шығатын болса, қалада веерлық өшірулер басталады. Осыған байланысты 2010 жылға Жол картасы бойынша облыстық бюджеттен «АТД», «Западная», «Южная» подстанцияларына және РП-10-ға (тарату пункты) қайта жаңғыртуға және модернизациялауға 743,26 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта тендер өткізіліп, мердігерлер анықталды.
2010 жылы Сексеуіл (5,99 млн. теңгеге), Жақсықылыш (4,826 млн. теңгеге) елді мекендерінің 10/0,4 кВ электр желілерін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттамаларын дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізуге және Қазалы ауданы Ажар елді мекенін электрмен қамтамасыз етуге 35,4 млн. теңге облыстық бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсіне құжаттар әзірленуде.
Газ саласы бойынша
2004 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес «Қызылорда қаласының жылу қуат көздерін және тұрғын секторын ілеспе газға көшіру» жобасы басталған болатын.
Жобаның жалпы сметалық құны 12,8 млрд. теңгені құрайды.
Осы жоба аясында, 2004-2009 жылдары 10,6 млрд. теңге бөлініп, 463,1 км жоғары, орташа және төменгі қысымдағы газ құбырлары жүргізіліп, 1 бас газреттегіш пункті, 21 газ реттегіш пункті және 10 шкафты реттегіш пункті құрылыстары аяқталды.
Нәтижесінде облыс орталығының:
50 МВт электр және 90 Г/калориялық жылу қуаты бар когенерациялық газотурбиналық стансасы пайдалануға берілді.
60 Гкал/сағатқа жеткізе отырып «КМРТЦ» АҚ-ның №2 қазандық цехы толық қайта жөндеуден өткізілді.
37 Гкал/сағат болатын қазандық және 5 блок-модулдік автономдық қазандықтар салынып, пайдаланылуға берілді.
- 430 көпқабатты тұрғын үй (20455 пәтер);
- 4089 жеке сектордағы тұрғын үй;
- 252 коммуналдық-тұрмыстық мекемелер ілеспе газға қосылып отыр. Бұдан басқа 12 000 жеке үй ілеспе газға қосылуға мүмкіндік алды.
Облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында келісімдер нәтижесінде жеке секторды ілеспе газға үйішілік қосудың құрылыс-монтаж жұмыстарын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 99 500 теңгеге жүргізуге қол жеткізіліп, 1364 жеке сектор осы қаржы көлемінде ілеспе газға қосылды.
Қызылорда қаласында газ бағасының Республика бойынша ең төменгі бағаны құрауы, қаланың экономикалық, индустриалды-инновациялық дамуы мен тұрғындардың әлеуметтік деңгейі дамуының маңызды аспектісі болып табылады. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 м3 газдың бағасы заңды тұлғалар үшін 3,87 теңге және жеке тұлғалар үшін 3,59 теңге.
Қызылорда қаласының газдандырылуының аяқталуы облыс орталығының өндірістік деңгейінің дамуына, сонымен қатар, қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына, отын сатып алуға кететін шығындардың азаюына, сапалы арзан газбен қамтамасыз етілуіне әкеледі.
Қазіргі уақытта Қызылорда қаласының газдандыру деңгейі 77 %-ды құрады, 2012 жылы 100 % жетеді.
Ағымдағы жылы 1,384 млрд теңге бөлініп, бұл қаржыға 8 ГРП және 189,93 км төменгі қысымды газ құбырларының құрылысын салынып, 7130 жеке сектордағы тұрғын үй және 8 көп қабатты үй (264 пәтер) газдандырылуға мүмкіндік алады.
Осы Жоба аясында жұмыстары толығымен аяқталған кезде барлығы 594 көп қабатты тұрғын үй, 25000 жуық жеке сектордағы тұрғын үй ілеспе газға қосылуға мүмкіндік алады деп күтілуде.
Газ бойынша тарифтар
«Турангаз» ЖШС- 50 литрлік (үлкен баллон) – 1640 теңге, 27 литрлік (кіші баллон)-820 теңге
«Аралгаз» ЖШС- 50 литрлік (үлкен баллон) – 800 теңге, 27 литрлік (кіші баллон)-400 теңге
«Байқоңыргаз» ЖШС- 50 литрлік (үлкен баллон) – 1900 теңге, 27 литрлік (кіші баллон)-950 теңге
«LPG-Оңтүстік» ЖШС- 50 литрлік (үлкен баллон) – 1600 теңге, 27 литрлік (кіші баллон)-800 теңге
«ҚазТранГаз Аймақ» АҚ- 3 595,39/3 874,27 теңге 1000м3
Ілеспе газ:
Заңды тұлғалар үшін – 3,874 теңге/м3
Жеке тұлгалар үшін – 3,595 теңге/м3
Облыстағы газбен жабдықтау мекемесі туралы ақпарат
|
Атауы |
Басшысы |
Бағыт-бағдары |
өндіріс жетістіктері |
|
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ҚӨФ |
Шаухаманов Нұрлан Сейлбекұлы |
жеке секторды ілеспе газға үйішілік қосудың құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге |
Қазіргі уақытта облыс әкімі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында келісімдер нәтижесінде жеке секторды ілеспе газға үйішілік қосудың құрылыс-монтаж жұмыстарын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 99 500 теңгеге жүргізуге қол жеткізілді. Сонымен қатар, Қызылорда облысының әкімдігімен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасындағы әрекеттестік және ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2010-2011 жылдар ішінде Қызылорда қаласының жеке сектор аумақтарындағы тұтынушыларға 99 500 теңге көлемінде (есептеу құралының құнын есептемегенде) 15 000 кем емес жеке тұрғын үйлерді газдандыруды орындайды. Осының шамамен 8500 жуық жеке тұрғын үйлердің үйішілік газ қондырғыларын орнату жұмыстарының құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылы орындайды. |