2010 жылдың І тоқсаны бойынша өнеркәсіп саласының даму қорытындылары
Бүгінгі таңда өнеркәсіп саласының құрылымы келесідей болып отыр, 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында кен өндіру өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өнімнің ішінде 94,4 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 3,4 пайыз, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде 2,2 пайызды құрап отыр.
2010 жылдың І тоқсанына облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 179,0 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл ұқсас кезеңіне қарағанда 101,7% -ды құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде 168,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,0% құрады. Облыстағы мұнай компанияларымен 2692,2 мың тонна мұнай өндіріліп, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 100,7% құрады.
Өндеу өнеркәсібінде 6,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 137,9% құрайды, бұл сусындарды өндіру өндірісінің 3 есеге ұлғаюынан және мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде 70,5 пайызға өсу есебінен болып отыр.
Тамақ өнімдерінің өндірісінде 2,6 млрд. теңге болып отыр, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 105,1% құрайды.
Сусындар өндірісінде 7 млн. теңге болып отыр, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге өскен.
Тоқыма бұйымдары өндірісінде есепті кезеңге 7,2 млн. теңгеге өнім өндірілді, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 3 есеге өскен.
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 668,0 млн.теңгеге өнім өндірілді, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 95,7% құрайды.
Өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіруде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 378,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 79,4% құрайды.
Машина жасау саласында өткен кезеңде 1,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 124,7% құрайды.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде 758,0 млн.теңгенің өнімі өндірілді, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 170,5% құрады.
2010 жылдың қаңтар-наурызында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі бағалау есебімен 26,9 млрд.теңге, бұл көрсеткіш 2009 жылғы қаңтар-наурызына қарағанда 22,0% өсті.
Қазақстанның индустрияландыру Картасына енгізу үшін Қызылорда облысы бойынша жалпы сомасы 296,5 млрд.теңгені құрайтын 92 жоба ұсынылды. Бүгінгі күні, жобаларды нақтылау жұмыстары нәтижесінде жалпы қаржысы 245,2 млрд.теңгені құрайтын 54 инвестициялық жобалар іріктелініп ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарауына қайта жолданды.
Үкіметтің бақылауында тұрған ағымдағы жылы іске асырылатын 11 жобаның «ТатуАгро» ЖШС-нің томат өндіру цехы құрылысы жобасының жүзеге асырылу уақыты 2011 жылға ауыстырылды.
Қазіргі таңда 10 жобаның жалпы сомасы 950,0 млн.теңге құрайтын 2 жобасы жүзеге асырылды. Атап айтқанда,
- «Тасбұлақ» ЖШС-гінің қуаттылығы жылына 1,3 млн.тонна құрайтын қиыршықтас шығаратын өндірісі іске қосылды. Жоба құны – 250,0 млн.теңге. Жаңадан 50 жұмыс орны ашылды.
- «УАД» ЖШС-нің «Битум шығару зауытының құрылысы» жобасы бүгінгі таңда толығымен дайын және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен өнімге лицензия алынды. Жобаның қуаттылығы - тәулігіне 500 тонна битум. Жаңа жұмыс орны – 50.
Қалған 8 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде,
1. «РЗА» АҚ-ның «Тауарлы-сүт фермасының құрылысы» инвестициялық жобасы.
2. «Қазгермұнай» АҚ-ның «Газды тиімді пайдалану кешенінің
2-ші кезегінің құрылысы» инвестициялық жобасы.
3. «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ-ы Компаниясының «Құмкөл газотурбиналық стансасында қуаттылығы 25 мВт-ы
2 қосымша газотурбиналық қондырғының құрылысы» инвестициялық жобасы.
4. «БИС» ЖШС-нің «Мұнай қалдықтарын және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу қондырғысы» инвестициялық жобасы.
5. «УАД» ЖШС-нің «Қиыршық тас зауыты» инвестициялық жобасы.
6. «УАД» ЖШС-нің «Асфальт шығару зауыты» инвестициялық жобасы.
7. «Шалқия Неруд» Компаниясы» ЖШС-нің «Жоғары сапалы қиыршықтас өндірісін ұйымдастыру» инвестициялық жобасы.
8. «Шапағат сүт» ЖШС-нің «Ауысымына 30 тн. нан өнімдерін шығаратын нан зауыты» инвестициялық жобасы.
2010 жылы жүзеге асырылатын 10 жобаға қоса жыл соңына дейін 12 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, үнемі индустрияландыру Картасына енгізуге инвестициялық жобаларды іріктеу бағытында үйлестіру кеңесі отырыстары өткізілуде.
Халықаралық сапа менеджменті жүйесін ендіру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. 2009 жылы 78 кәсіпорынға ИСО 9000-14000 халықаралық сапа стандарттары мен экологиялық менеджмент жүйелері енгізілсе, қазіргі таңда 92 кәсіпорын халықаралық сапа стандарттары мен экологиялық менеджмент жүйелеріне сәйкес жұмыс жасауда, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 16,0 пайызға артып отыр және 2 кәсіпорында Қызылорда облысы бойынша ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы мамандарының қатысуымен сапа менеджмент жүйесін ендіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, осы бағытта жұмысты жандандыру мақсатында облыстың кәсіпкерлеріне ИСО 9000-14000 халықаралық сапа стандарттары бойынша жыл аяғына дейін 4 семинар өткізу жоспарланып отыр.
Электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша:
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары (Жол картасы) бойынша облысымыздың 11 елді мекендерін электрмен жабдықтау жүйелерін дамытуға оның ішінде Қазалы, Сырдария аудандарын электрмен жабдықтау және Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының Сырдария өзені өткелдерінде су тасқыны қаупін алдын алу іс-шаралары бойынша 194,021 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы»-мен құрылыс жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.
2009 жылы «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының электр желілерін модернизациялауға және қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 1 149 млн. теңгеге мекеменің материалды-техникалық базасын жаңартылды, 216 км жаңа әуе желісін және 30 трансформаторлық қосалқы станциялары пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, тұрақты және сенімді электрмен жабдықтау мақсатында «ВЛ-220 кВ Құмкөл-Кызылорда электр желісінің құрылысына» технико-экономикалық негіздеме дайындалуда.
Облыстық бюджеттен бөлінген 31 млн. теңгеге «Қызылорда облысының аудан орталықтарының электр жүйелерін дамытуға» жоба сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
Қызылорда қаласының 35/10 кВ 7 қосалқы станциясы асыра жүктемемен авариялық жағдайда жұмыс жасауда, осы аталған қосалқы стациялардағы трансформаторлардың біреуі істен шығатын болса, қалада веерлық өшірулер басталады. Осыған байланысты 2010 жылға Жол картасы бойынша облыстық бюджеттен «АТД», «Западная», «Южная» подстанцияларына және РП-10-ға (тарату пункты) қайта жаңғыртуға және модернизациялауға 743,26 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта тендер өткізіліп, мердігерлер анықталды.
2010 жылы Сексеуіл (5,99 млн. теңгеге), Жақсықылыш (4,826 млн. теңгеге) елді мекендерінің 10/0,4 кВ электр желілерін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттамаларын дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізуге және Қазалы ауданы Ажар елді мекенін электрмен қамтамасыз етуге 35,4 млн. теңге облыстық бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсіне құжаттар әзірленуде.