БАСТАПҚЫ ЕТУ
Пропустить ссылки переходов
Облыс
Экономика
Әлеуметтік қамсыздандыру
Білім
Денсаулық сақтау
Мәдениет
Спорт
Туризм
Қонақүйлер мен демалыс үйлер
Туризм бойынша конкурстар
Туристік агенттіктер
Қоғамдық бірлестіктер
Табиғи ресурстар, экология
Көлік
Құрылыс
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы
Өнеркәсіп пен энергетика
Техникалық реттеу және метрология
Туризм 
 
 
Туризм және қонақжайлылық
 
 
Бүгінгі күні облыстың туризм инфрақұрылымы 27 қонақүйлер, 2 сауықтыру санаториялары, 8 балалар лагерлері және мұражайлар, тарихи-архитектуралық ескерткіштер және табиғи ресурстармен сипатталады. Оны негізін ғажайып табиғи жағдайлар мен ландшафтар және туристік орындар құрайды.
Олардың кейбіреулері әлемге әйгілі ғажайып табиғи ладшафтар Арал теңізі, «Барсакелмес» мемлекеттік қорығы, Қамбаш көлі, Қаратау тауының етегі, Қатын Қамал ойпаты және Байқоңыр ғарыш кешені, мәдени-тарихи объектілер оның ішінде ата-бабаларымыздың қалашықтары Сауран, Сығанақ қалашықтарының орындары, Оқшы-ата, Айқожа, Өзгент, Қорасан-ата кесенелері, Сараман-Қоса мұнарасы, Ғанибай үйі, Ғанибай мешіті, мәдени-танымдық жәдігерлер Қорқыт-ата мемориалды кешені, Қорқыт-ата ескерткіші, Байқоңыр ғарыш кешені, емдеу санаториялары Жаңақорған санаториясы, Шопан-Ата сауықтыру орталығы.
Облыстың Арал ауданында көлдер жүйесі бар. Оның ірі көлі болып Қамбаш көлі танылады. Бұл ғажайып су айдыны флора мен фаунаға бай. Жағажай сызығы ірі түйіршікті құмадардан тұратын су айдыны. Суы таза әрі мөлдір, емдік қасиеті бар, Көлде су темпиратурасы мамыр мен қыркүйек айлары аралықта 5 ай бойы күн сәулесінде шомылуға мүмкіндік береді.
Бұл маңда қызықты туристік маршруттар ұйымдастыруға әзірлеуге мүмкіндік береді. Өйткені көлден 150 км. қашықтықта Байқоңыр ғарыш кешені, әлемге әйгілі Арал теңізі және Барсакелмес қорығы, түркі-тілдес елдерінің орта ғасырлық ғұлама ойышылы мен қобызшысы Қорқыт бабаның кешені және құлшылық ету объектілері Қалқай ишан және Марал баба кесенелері бар.
Ұлы жібек жолының Қызылорда трассасы бөлігінде 123 қызмет көрсету орталықтары, 2 қонақүйлер, 54 май құю бекеттері бар.
Жастар мен жасөспірімдік туризмді дамыту мақсатында облыс орталығында «Спорттық туризм және туристік күш сынасу жастар федерациясы» қоғамдық жастар бірлестігі, 5 командалардан тұратын жас туристер үйірмесі жұмыс істейді. Командалар туристік күш сынасу бойынша республикалық және аумақтық жарыстарда белсенді түрде қатысып, бірнеше жеңімпаздар ретінде танылды.
Сонымен бірге, жеке инвесторлар да облыстың туризм саласын өркендетуге өз қаржыларын салуға ынталы болып отыр.