БАСТАПҚЫ ЕТУ
Пропустить ссылки переходов
Теміржол көлігі
Сала жағдайы
Вокзал, әуе-жай, такси, жол картасы
Автобус, поезд және ұшақтардың күнтізбесі
Автокөлік
Авиация инфрақұрылымы
Темір жол тасымалы және инфрақұрылымы 
E-KYZYLORDA > Қазақша > Қоғам > Көлік > Теміржол көлігі
 

 

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Темір жол көлігі және инфрақұрылымы туралы акпарат

 

1. Темір жол көлігі тасымалы.

Қызылорда облысының көлемінде темір жол желісінің ұзындығы 786 км.-ді құрайды.

Бүгінгі таңда,  облыс аумағынан 16 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде  мемлекетаралық (Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Ресей Федерациясы) бағыттағы 7 пойыз өтеді.

Облыс орталығынан «Қызылорда-Астана-Көкшетау» және «Қызылорда-Алматы-Семей» пойыздары ұйымдастырылған.

Оның ішінде «Қызылорда-Алматы-Семей» пойызы 
2008 жылдың сәуір айынан бастап облыс әкімінің бастамасымен ұйымдастырылып, жүргізілді.

Темір жол бойында орналасқан елді мекендердің аудан және облыс орталықтарымен көлік қатынасы облысаралық 2 жұп «Қызылорда-Сексеуіл-Түркістан» пойызымен және басқа да жүрдек пойыздармен қамтамасыз етілуде.

Бүгінгі күні кейбір темір жол бекеттері (разъездер)  көлік қатынасымен қамтылмай келеді. Осы елді мекен тұрғындарының өтінішіне орай ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне 2011 жылы әлеуметтік мәні бар Қызылорда-Жосалы-Сексеуіл қала маңы пойыздарын қайта жүргізу жөнінде ұсыныстар берілді.   

2010 жылға негізгі міндеттер:

- 2011 жылға Қызылорда-Жосалы-Сексеуіл қала маңы пойызын қайта жүргізуге қажетті демеуқаржы бөлу жөнінде тиісті министрліктермен жұмыстар жүргізу.

 

2. Темір жол инфрақұрылымы.  «Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған темір жол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасы» аясында облыстың коммуналдық меншігіне 1-5 класты 8 темір жол вокзалы (Сексеуіл, Арал, Қазалы, Төретам, Жосалы, Қызылорда, Шиелі және Жаңақорған) және 6 жолаушы вагоны берілген болатын. Осы меншіктердің базасында шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сырдариятеміржолсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылып, жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда, «Сырдариятеміржолсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны коммуналдық меншіктегі вокзал ғимараттарын жалға беру арқылы өзін өзі қаржыландырып, осы объектілерді күтіп ұстау және санитарлық-техникалық қызметтерін ғана атқарып келеді. 

2009 жылғы 24 қыркүйекте ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде
ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік комитеті, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қатысуымен темір жол вокзалдарын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ меншігіне қайта өткізу жөнінде кеңес өтті. Осыған сәйкес, қазіргі таңда облыстың коммуналдық меншігіндегі вокзалдарды республикалық меншікке табыстау жөнінде тиісті құжаттар әзірленіп, жұмыстар жүргізілуде.

2010 жылға негізгі міндеттер:

"Сырдариятеміржолсервис" МКК-ның теңгеріміндегі темір жол вокзалдары ғимараттарын «Қазақстан темір жолы» ҰК» ААҚ-ның теңгеріміне беру жөнінде тиісті жұмыстар жүргізу.