БАСТАПҚЫ ЕТУ
Пропустить ссылки переходов
Теміржол көлігі
Сала жағдайы
Вокзал, әуе-жай, такси, жол картасы
Автобус, поезд және ұшақтардың күнтізбесі
Автокөлік
Авиация инфрақұрылымы
Сала жағдайы 
E-KYZYLORDA > Қазақша > Қоғам > Көлік > Сала жағдайы
 

 

2010 жылдың 6 айында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен

атқарылған жұмыстар туралы  анықтама

 

І. Автомобиль көлігі бойынша

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына (әрі қарай - Басқарма) облысішілік ауданаралық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және үйлестіру міндеті жүктелген.

1. Жолаушы тасымалы.

Облыстағы шалғай ауылдық елді мекендерін аудан және облыс орталығын байланыстыратын 246 тұрақты автобус қатынасы ұйымдастырылып, бүгінгі күні 212 елді мекенімен көлік қатынасы  орнатылған.

Олар ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, ауданішілік (кентішілік) - 141, қалаішілік -25, қала маңындағы – 6, саяжайлық - 3 автобус маршруттарынан құралған.

2010 жылдың қаңтар-маусым айларында болжам бойынша тасымалданған жолаушылар саны 55,3 млн. жолаушы немесе 2009 жылдың осы кезеңімен (54,3 млн.жол.) салыстырғанда 101,9 пайызды құрады. Ал жолаушылар айналымы 1206,3 млн. жолауш.шақырымды құрап,  өткен жылдың осы кезеңімен (1150,1 млн.жолауш.шақ.) салыстырғанда 104,9 пайызды құрап отыр.

Осы маршруттарда 1 акционерлік қоғам, 19 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және жеке кәсіпкерлер жылдың қандай да мезгіліне қарамастан күнделікті әр түрлі сыйымдылықтағы 1714 дана автобус (101-ауданаралық, 1613– қала, қаламаңы және ауданішілік) жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.

         2000 жылдан бастап, барлық тұрақты автобус маршруттарында жолаушы тасымалдау қызметі тасымалдаушылар арасында ашық конкурстар өткізу арқылы ұйымдастырылуда. Конкурс өткізу барысында автокөлік құралдарын жаңартуға бағыт беру  үшін көлік құралдарының зауыттан шыққан жылына, техникалық жағдайына  және т.б.  талаптар қойылып келеді.

Қазіргі таңда ауданаралық (қалааралық) автобус маршуттарында қызмет көрсетуші 80-нен астам автобус жүргізушілері мен автовокзал қызметкерлері арнайы киім (униформа) үлгісімен қызмет көрсетуде.

           Облыстағы кейбір елді мекендерден шығатын автобус маршруттарында жолаушылар санының аздығынан және жол сапасының нашарлығынан тасымалдаушылардың шығындарын ақтамайтын маршруттар бар.

Осындай, ауданаралық (қалааралық) 13 маршрут 2009 жылы әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы бағасы төлем қабілеті төмен жолаушыларға тиімді әлеуметтік деңгейде қалдырылып, тасымалдаушылардың шығындары облыстық бюджеттен бөлінген 16,5 млн.теңгемен демеуқаржыландырылып келді.

2010 жылға 8 маршрутты демеуқаржыландыру жөнінде шешім қабылданды. Осы маршруттарда жолаушы тасымалдау құқығына наурыз айында конкурс өткізіліп, келісім шарт жасалды. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында қаржыландыру жоспарына сәйкес барлығы 4567,6 мың теңге, яғни 42,3% игерілді.

Қызылорда қаласының жолақы тарифтері басқа облыс орталықтарымен салыстырғанда төмен болып саналатындықтан бұрынғы деңгейінде қалып отыр. Қызылорда қаласында Ұлы Отан соғысының ардагерлері және мүгедектері, 1-ші топтағы зағип жандар маршруттарда тегін тасымалдануда.

Негізгі  міндеттер:

1) Облысішілік ауданаралық маршруттарда қазіргі заман талаптарына сай барлық сервистік қызметке  сәйкес  жаңа  автобустар болуына ықпал жасау.

2) Жол-көлік оқиғаларын алдын алу жөнінде шаралар жүргізу және жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын көтеру.

2. Көлік инфрақұрылымы. 2005 жылы аудан (қала) әкімдіктерімен бірлесе отырып облыстағы барлық автовокзалдар мен автостансаларға тексеру және зерттеу жұмыстары жүргізіліп, облыстық Тізілім (реестр) жасалынған болатын. Облыстық тізілімге 11 автовокзал (-станса) мен диспетчерлік пункт енгізілген. Оның ішінде, 2 автостанса және 1 диспетчерлік пункт (Қазалы, Арал аудандары мен Қызылорда қаласы) 2009 жылдың мамыр айынан бастап пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда, автовокзал мен автостансалар ғимараттарына қысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. 

Негізгі  міндеттер:

1) Аудан орталықтарындағы автостанса ғимараттары мен автобус тұрақтарын жөндеу және қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу;

         2) Аудандардағы автостансалардың «Автомобиль көлігі туралы» заңына және Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесіне сәйкес жолаушылар мен тасымалдаушыларға көрсететін қызметтерді жандандыру. 

ІІ. Темір жол көлігі.

 1. Жолаушы тасымалы. Қызылорда облысының көлемінде темір жол желісінің ұзындығы 786 км.-ді құрайды.

         Бүгінгі таңда,  облыс аумағынан 16 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде  мемлекетаралық (Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Ресей Федерациясы) бағыттағы 7 пойыз өтеді.

         Облыс орталығынан «Қызылорда-Астана-Көкшетау» және «Қызылорда-Алматы-Семей» пойыздары ұйымдастырылған. Оның ішінде, облыс әкімдігінің ҚР көлік және коммуникация министрлігіне берген ұсынысы бойынша 2008 жылдан бастап «Қызылорда-Астана» пойызы жүргізіле бастады.

Темір жол бойында орналасқан  елді мекендердің аудан және облыс орталықтарымен көлік қатынасы облысаралық 2 жұп «Қызылорда-Сексеуіл-Түркістан» пойызымен және жоғарыда аталған пойыздармен қамтамасыз етілуде. Бірақ, 11 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып отыр.

         Бұл тасымал түрі облыстың біртұтас темір жол инфрақұрылымы ретінде темір жол бойындағы стансалар мен бекеттердің темір жол жұмысшыларының ғана емес, жақын орналасқан елді мекен тұрғындарының сұранысына ие болып отыр. Осыған сәйкес, облыс әкімдігі ҚР көлік және коммуникация министрлігімен  алдағы 2011 жылы облысішілік «Қызылорда-Сексеуіл» қала маңы пойызын қайта жүргізу жөнінде жұмыстар жүргізіп, ҚР экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсыныстар жіберілді.

          Негізгі міндеттер:

         - 2011 жылдан бастап көпшіліктің сұранысына ие болған облысішілік «Қызылорда-Сексеуіл» қала маңы пойызын қайта жүргізу бағытында тиісті министрліктермен жұмыс жасау.

         2. Темір жол инфрақұрылымы туралы. «Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған темір жол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасы» аясында облыстың коммуналдық меншігіне 1-5 класты 8 темір жол вокзалы (Сексеуіл, Арал, Қазалы, Төретам, Жосалы, Қызылорда, Шиелі және Жаңақорған) және 6 жолаушы вагоны берілген болатын. Осы меншіктердің базасында шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сырдариятеміржолсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылып, жұмыс жасауда. Соның ішінде, 2 жолаушы вагонының пайдалану мерзімінің бітуіне байланысты, есептен шығарылды. 

«Сырдариятеміржолсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тек қана жергілікті мемлекеттік меншіктегі вокзал ғимараттарын жалға беру арқылы жұмыс жүргізіп келді.

Жолаушылар мен тасымалдаушыларға (билет сату, пойызға мінгізу- түсіру жұмыстарын ұйымдастыру, ақпараттық қамтамасыз ету және т.б.) қызмет көрсету құқықтары республикалық темір жол кәсіпорындарында қалып, коммуналдық темір жол вокзалдарының меншік иелері осы объектілерді күтіп ұстау және санитарлық-техникалық қызметтерін ғана атқарып отыр.

Қазіргі таңда, осы облыстың коммуналдық меншігіндегі 8 темір жол вокзалын республикалық меншікке, яғни «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның теңгеріміне беру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.     

Негізгі міндеттер:

- облыстың коммуналдық меншігіндегі 8 темір жол вокзалын  және Тереңөзек, Жалағаш, Қамыстыбас темір жол стансаларының ғимараттарын республикалық меншікке беру «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның теңгеріміне қайтару жөнінде жұмыстар жүргізу.

ІІІ. Әуе көлігі.

1. Жолаушы тасымалы. Облыс орталығын республикамыздың Астана, Алматы және басқа да облыс орталықтарымен байланыстыру үшін «Эйр Астана» және «Скат» әуе компанияларымен аптасына 25 рейс орындалып отыр. Қазіргі таңда облыс орталығын Астана қаласымен байланыстыру үшін «Эйр Астана» әуе компаниясының «Фоккер-50» ұшақтары аптасына 7 рейс жасауда. «Эйр Астана» және «Скат» әуе компаниялары «Фоккер-50» ұшақтарымен Алматы қаласына – 13 рейс, «АН-24» ұшақтарымен Ақтау, Қарағанды    қалаларына – 2 рейстен, Атырау қаласына – 1 рейстен орындауда.

«Қорқыт Ата» атындағы әуежайдан болжам бойынша 2010 жылғы қаңтар-маусым айларында осы бағыттармен барлығы 22 870 жолаушы жөнелтілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен (20 421) салыстырғанда 112,0% пайызды құрап отыр.

Негізгі міндеттер:

- облыс орталығын республиканың басқа облыс орталықтарымен және алыс-жақын шет елдермен байланыстыратын әуе рейстер санын көбейту.

2. Әуе инфрақұрылымы. Аймақтың инвестициялық тартымдылығын және туризм саласын дамыту бағытында, Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының транзиттік мүмкіндіктерін арттыру және халықаралық талаптарға сәйкестендіру мақсатында, «Қорқыт Ата» әуежайының ұшып-қону алаңын қайта құру және әуежайлық, сервистік арнайы техникамен қайта жабдықтау» инвестициялық жобасы дайындалған болатын.

Бұл жоба ҚР КжК және ЭжБЖМ-тері тарапынан қолдау тауып, «Қазақстан Республикасының аймақтық әуежайларының инфрақұрылым-дарын дамыту бағдарламасы» аясында 2007-2009 жылдардағы басымдылығы айқын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар тізіміне енгізіліп, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы №395 қаулысы бойынша аталған жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2008-2010 жылдарға          8,6 млрд.теңге бөлу жоспарланып, алайда жоба қайта қаралып 7,1 млрд. теңге болып нақтыланды.

 2008 жылға 1,73 млрд теңге қаржы қаралып, сәуір айында ҚР КжКМ-нің ұйымдастыруымен  жобаны іске асыру жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, қорытындысы бойынша бас мердігер - «К-Дорстрой» АҚ-ы (Астана) анықталды.  

2008 жылы құрылыс жұмыстарына 200 адам, 46 дана әр түрлі техника қатыстырылып, жоспарланған қаржы толығымен игеріліп, мынадай жұмыстар атқарылды:

-ұшу-қону алаңына және перронға тегістеу жұмыстары жүргізілді;

- қауіпсіздік аймағы салынды;

- әуе кемелері үшін жерасты электрмен жабдықтау көздерінің желілері тартылды;

- Германия және Финляндия елдерімен жарық белгілерімен жабдықтау жөнінде келісім шарттар жасалып,  670,0 млн.теңге қаржы аударылды.

2009 жылы барлығы 1,421 млрд. теңге қаржы бөлініп, мынадай жұмыстар жүргізілді:

- перронды қайта құру және оның құрылысы, жарық – белгі және ауа райын зерттеу құралдарын орналастыру, әуе кемесінің дербес қуат көзін орнату, 20 қызметтік автокөлікке арналған гараж құрылысы.

2010 жылға 3,8 млрд. теңге қаржы қаралып, қайта құру жұмыстары толығымен аяқтау жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 2,1 млрд. теңгенің жұмысы атқарылды.

Негізгі міндеттер:

1) «Қорқыт ата» әуежайының ұшып-қону алаңын қайта құру және әуежайлық техникамен қайта жабдықтау» жобасын іске асыру  жұмыстарының мерзімінде және сапалы аяқталуын  қадағалау.

2)Әуежайға Қызылорда қаласынан жолаушылар мен әуежай қызметкерлерін  тасымалдауға тұрақты қоғамдық көлік қатынасы мен такси тасымалын және автокөлік жолын ағымдағы жөндеу, күтіп-ұстау мен жарықтандыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.